«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында “Бекі бастауыш мектеп”КММ де буккросинг бұрышы жасақталды. “Буккросинг” қазақшаға аударғанда “кітап сыйлау” немесе “кітаптың айналыста жүруі” деген мағынаны білдіреді. Буккроссинг «өзің оқы да – басқаға бер» қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту.  Оқушылардың 10 минут үзіліс арасында буккросинг бұрышынан кітап алу, олардың білімге деген құштарлығын, қызығушылын оятады. Кітап – адам баласының ақыл –ойынан туған, байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал. Сондықтан біз кітапты қадірлейік, сақтайық, жансерігімізге айналдырайық. #балажылы2022