Бекі бастауыш мектебінде өзін — өзі тану онкүндігі аясында 10 ақпан күні өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі Жайлаубаева Жансая «Алтын жүректі анамыз» атты мейірімділік сағатын өткізді. Мейірімділік сағаты «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға және барша аналар қауымына арналды. Шара барысында мектеп оқушылары ана туралы тақпақтар оқып, ән салды, би биледі. Шара соңында мектептің меңгерушісі Бердібеков Шабай сөз алып, онкүндікке белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдірді.