Бекі бастауыш мектебінде өзін — өзі тану онкүндігі аясында 10 ақпан күні өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі Жайлаубаева Жансая «Ақкөңілділік туралы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты — ақкөңілділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Сабақта орамал тастамақ, мақалды тап ойындары қолданылып, адам бойындағы ақкөңілдік қасиеті туралы мәлімет берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.