Бекі бастауыш мектебінде өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі Жайлаубаева Жансаяның ұйымдастыруымен «Махабат пен шығармашылық» өзін — өзі тану пәнінің онкүндігі аясында 2021 жылдың 8 ақпанында мектеп оқушыларына «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрмеге «Бөбек» қорының негізін салушы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кітаптар, энциклопедиялар және газет — журналдар қойылды. Оқушылар Сара Алпысқызының өмірі мен қызметтері туралы көптеген мағлұматтар алды. 9 ақпан күні «Бар жақсылық балаларға» тақырыбында фотосурет көрмесі жасақталды. Көрмеге мектепте өткізілген түрлі қайырымдылық акцияларының суреттері ілінді.