Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, Тәуелсіздік,Туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.безендіру.Бұрыштар жасау.
БАРЫСЫ:
- Кіріспе.
- Тәуелсіз ел – Қазақстан.
3.Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
- Тарихи оқиғалар тізбесі.
- Желтоқсан құрбандарына тағзым.
6.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
- Қорытынды.
1.Кіріспе сөз:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата-бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Демократиялық жаңару жолына батыл түскен еліміз әлемдік өркениетке ұмтылып, бүгінде халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды.
«Тәуелсіздік- ата бабам аңсаған» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз мектеп меңгерушісі: Бердібеков Шабай Сырымұлына беріледі.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі – Әнұраны
ҚР-ның гиміні орындалсын!.
І-оқушы
Армысыздар, Отандастар!
І- ж:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
2-ж. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
І-ж:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Мұғалім:
М.Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
2- ж:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
І- ж:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
І-көрініс: «Қазақ хандығы» слайд
ІІ- жүргізуші:Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір:Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр.
Хан:Кірсін! (Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді)
Хан:Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе қайтыңдар.
Қазыбек би: Біз — қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенміз Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт!
Хан: Балам атың кім?
Қазыбек би: Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, үлтым қазақ, руым Қаракесек.
Хан: Ендеше даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен., есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.
Хан шапалақ ұрады.
Уәзір: Ләппай, тақсыр!
Хан:Қамаудағы қазақтарды босатыңдар.
Ән: Мен қазақпын
І- ж: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін мойсыратып кетті.
2- ж:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.
І- ж:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.
2- ж:1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.
І- ж:Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
2-көрініс: « Бес арыс» слайд
Бес арыс бейнесіндегі бес арыс баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады.
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен.
Мағжан:
Ей тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
Мылтық даусы естіледі.
Оқушы:
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.
Оқушы:
Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтатып кете барған боздақтарын.
2- ж: Ұлы Отан соғысы жылдарын жырлалық.
Хормен
Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін.
Оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Оқушы:
Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.
Зор жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты ананы.
Оқушы:
1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.
І- ж:
20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
Мұғалім: 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды
Видеоролик: «Желтоқсан»
2- ж:
1986 жылдың желтоқсаны.
Атыраудан Алтайға, Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұл түйірілді.
І- ж:
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәтіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқа болды.
Слайд көрсету Желтоқсан
Оқушы:
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
Оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Оқушы:
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Оқушы:
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып- қызыл мұз боп жатқан күн.
Оқушы:
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.
Қара бауыр Қасқалдақ әні
ІІІ-көрініс.
Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.
- Қыздар, мен газет әкелдім
- Қане, не жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты.
- Қонаевты орнынан алды дейді.
- Онысы несі?
- Орнына кім болыпты?
- Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды қазақстандық азамат басқарсын. Біз демократияны талап етеміз. Кәне, алаңға кетейік.
Жастар шуласып кетеді.
Мұғалім:
Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы саған 7-де Брежнев атныдағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.
Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады.
- Пленум шешіміне қарсымыз!
- Әр ұлтқа өз басшысы!
- Колбинді әкетсін!
- Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.
- Қайрат!
- Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.
Қайратты тергеуге әкеледі.
Қайрат:
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың
Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.
Жазықты емеспін қайталай берем несіне,
Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап арбау тәсілімен
Мойындата алмадым.
Қайрат:
Мойындата алмайсың
Тергеуші:
Байқа, 87 бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.
Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,
Свицкийді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат:
Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан.
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші:
Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрібір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз
Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!
Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
М:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың, Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың. Қайрат, Ербол,Ләззат пен Сәбира Құрбаны болған жаланың Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өркендер ақталады. Ер намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерің мәңгілік сақталады. Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Болсын осы ар алдында сөз ақтық, Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен, Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық
1-ж
Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. Орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
Слайд көрсету «Тәуелсіздік»
Оқушы:
1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
Оқушы
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Оқушы:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен:Тәуелсіз Қазақстаным!
Ән: Тәуелсіз ел ұланы
М:Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.Нұр-сұлтан
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесті.Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.Конституциясы бар.Тәуелсіздік-ел мұраты.Еліміз 28 жылда еліміз өсіп-өркендеп.ел танымастай жетістіктер мен табыстарға жетті.Бүкіл әлем Қазақстан елін мойындады.
Хор: Елім менің. Авторы: Н.Назарбаев
2- ж:
1991-2019 жылдар аркалығында қандай жетістіктерге жеттік?
Оқушы: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.
Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып
Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.
1991 жылы-Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Президенті етіп сайлады
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Заң қабылданды.БҰҰ-ға мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. Алматыда «Тәуелсіздік монументі» орнатылды..
1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды. «Қазақстан -2030» стратегиясы қабылданды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде «Астана» қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.Қорқыт атаның 1500 жылдығы тойланды.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі
Түркістанға 1500 жыл толды.
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.» Астана- Бәйтерек» монументі орнатылды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2007 жылы-Төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2008 жылы Қазақстанны бас ордасы-Астананың 10 жылдығы тойланды.
2009 жылы-Астана қаласында «Қазақ елі»монументі бой көтерді.
2011 жылы-Ақ Азиядада Қазақстан құрамасы-70 медаль-32алтын,21 күміс,17 қола медальдарды жеңіп алды.
2012 жылы - 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жылы-Астанада дүниежүзілік«ЕХРО-2017»көрмесін өткізу жайлы шешім қабылданды. 2013 жылдың 24 тамызында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Қазақстан-2050" стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр" тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
2014 жылы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев«Нұрлы жол-болашаққа барар жол»атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады
2015 жылы 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2016 жылы 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды. Сондай-ақ, осы кезде ел астанасына мемлекет басшысының есімін беру туралы ұсыныстар айтылды. Мереке қарсаңында көптеген қазақстандық мемлекеттік марапаттарды иеленіп, елде амнистия жарияланды.
2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады. Төрағалықтың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша құжат қабылдау болды. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл қызметке кезекпен кіріседі.
2019 жылы ҚР Президенттігіне Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды..
ЖҮРГІЗУШІ:Бүгінде желтоқсан оқиғасына -33 жыл,Тәуелсідікке-28 жыл толуда.Ел іргесі тыныш,халқымыз,бай-қуатты болсын!
Ән: Қазақ елім байтағым!
О:Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Оқушы:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.
Оқушы:
Қасиетті Қазақстан-мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім ,жерім,Отаным-бақ дәулетім,
Болашағым өнер-білім,өркенім
Оқушы:
Қазақпын,еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын,қойнауы –құт,жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрін де айтам.
ӘН:Көк тудың желбірегені
Мұғалім: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен, Тәуелсіз егеменді Қазақстан! Көк аспанда тулардың Желбіреген күні – бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні – бұл. Жұпар шашқан гүлімнің Жаңа ашылған күні – бұл. Менің ана тілімнің Бағы ашылған күні – бұл.
Дүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлділі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл – күні!
1 оқушы Қазақстан – елім менің, Отаным.
2 оқушы Қазақстан – еркін елім, еңселі.
3 оқушы Қазақстан кірлетпейік атағын.
4 оқушы Қазақстан - Ата Заңым бүгінгі.
5 оқушы Қазақстан – болсын мәңгі ғұмырлы.
6 оқушы Қазақстан – жері қазақ елімнің.
7 оқушы бәрі Қазақстан – әнім әсем шырқалар
Ән: Гүлдей бер елім – Қазақстан!
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ендігі сөз кезегін тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.
https://nachalnaya-shkola-beki.rka.kz/kz/distemelik-b-lim/ashy-saba-tar/96-t-uelsizdik-ata-babam-a-sa-an.html#sigFreeId2df17cfc3d












