«Күз ханшайымы» атты мерекелік кештің сценариі

Жансая апай:

Шөп сарғайып,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Ақберді
Бұл қай кезде болады?

 

Ақберді:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс, Жансая апай
Күзде ғана болады.

 

Жансая апай:
Көк аспаны мөлдіреп,
Шуақты көзі елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегі желбіреп,
Айтшы Ақберді
Бұл қай мезгілдің келгені.

 

Ақберді:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Жансая апай, бұл Алтын күздің келгені.

 

Ақберді:
Армысыздар Қымбатты мырзалар мен ханымдар!

 

Жансая апай:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достарым.


Ақберді:

Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Уа, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық..!

 

Жансая апай:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Ортаға себет толы жемістері бар Алтын күз-Кәмшат келеді. (қол соғып қарсы алу)

 

Күз-Кәмшат:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты..

 

Ақберді:

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Хормен: Ардақты күз мың алғыс.

 

Күз-Кәмшат: Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.

Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.

Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.


Жансая апай: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.

Жансая апай: Иә, біз сізді байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз. Біздің сізге арнаған сыйымыз бар. Ару қыздарымыз сізге арнап өз өнерлерін көрсетпек. (Күз – Кәмшат әділқазылардың қасына жайғасады.)

 

Ақберді:

Көбейді құт- береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

 

Жансая апай:  

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқаларын таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

 

Ақберді:
«Күз ханшайымы» байқауына қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

 

Ақберді:  

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
Назерке деген арудың,
Әдемі ғой көзі де,-деп даярлық сыныбының аруы Амантайқызы Назеркені ортаға шақырамыз.

 

Жансая апай:

Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
Назерке қыз сіздерге,
Өз өнерін арнайды,- деп 1 сыныптың аруы Қаналы Назеркені шақырамыз.


Ақберді:  

Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Айару кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.

Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Биші болу арманы. 2 – сынып аруы Мереке Айаруды қошеметпен ортаға шақырамыз.


Жансая апай:

Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Ұлданаға,
Әдемі есім теңгерген. 3 сынып аруы Өтепберген Ұлдана.


Ақберді:  
Келесі ару Аружан,
Барлық пәнді меңгерген.
Анасы мен әкесінен
Әдептілікті үйренген. 4 сынып аруы Қыстаубай Аружан.

 

Жансая апай:

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтейік:

  1. «Сәлем – сөздің атасы» (Арулар өздерін таныстырады);
  2. «Кім білгір?» (Сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер);
  3. Табиғат өнімдерінен бұйым (панно) жасау;
  4. «Күз сыйы» (күзгі көкөніс, жемістерден салат дайындау, жасалу жолын түсіндіру);
  5. «Қыздарға әсемдік жарасады» (өз қолымен жасалған сәнді көйлек үлгісі);
  6. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету).

 

Жансая апай:  

Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.

Бірінші бөлім «Сәлем – сөздің атасы» деп аталады. Арулар өздерін таныстырып өтсін.

 

Ақберді:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде,- дей келе «Кім білгір?» бөліміне кезек береміз

«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарына берілген жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не?

Жапырақ

3 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.

5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. - Жеміс.

6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»

  1. Еңбек түбі --------------------
  2. Еңбек етсең ерінбей --------------------

7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Әділқазылар бағаларын берсе.

Ең еңбексүйгіш жәндік.
2. Қай жануарда қалта бар?
3. Қазір қай ай?
4. 7 мысықтың неше құйрығы бар?
5. Алтын түстес жыл мезгілі?
6. 1 жылда неше ай бар?
7. Қазір жылдың қай мезгілі?
8. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ
9. Шыршаны қашан сәндейді?
10. Жыл мезгілдері нешеу?
11. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?
12. Оны қыста қолға киеміз
13. Аспан көз жасы.
14. Қыста жауады.
15. Жылататын көкөніс
16. Көп киімді көкөніс


Жансая апай:  

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, - деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

Табиғат өнімдерінен бұйым (панно) жасау сайысына кезек берелік.

 

Ақберді:

Көрсетіп өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасайды,

Қыздарымыздың бармақтары майысып, - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

 

Жансая апай:  

Модельер болу оңай  ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше

Өз мәнінде, шырайда. – деп келесі кезекті сән үлгісіне береміз.

 

Ақберді:

Өнер жастан жаныңдар

Өнерпаздар, дарындар

Көрейік, ән мен биді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін,- деп сайысымыздың «Өнерлі өрге жүзер» атты соңғы бөліміне кезек берелік.

 

Жансая апай: Әділқазылар алқасы өз қорытындыларын шығарғанша даярлық сыныбының орындауында «Тәтті-тәтті» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кезекте 1-сынып оқушыларының «Гүлдер» биін тамашалаңыздар.

Ендігі кезекте 2-сынып оқушыларының орындауында «Испан биін» тамашалаңыздар.

Ал енді 2-сынып оқушылары Ақберді мен Әнуардың орындауында «Өз елім» әнін қабыл алыңыздар.

 

Ақберді:

Алтын күз, бізбен бірге болғаныңыз қандай жақсы!

 

Күз-Кәмшат:

Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын

Бір айға бір демім

Өздеріңмен біргемін.

 

Рахмет, балалар өнерлеріңе

Уақыт өтпес бірліксіз

Бақыт келмес тірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер!

Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

Ақберді: Қош, сау болыңыз, Алтын күз!

 

Жансая апай: Сайысқа қатысушы аруларды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Әділқазылар алқасы төмендегі номинациялар бойынша сайысқа қатысушы ханшайымдарды марапаттайды:

  • «Күз ханшайым»
  • «Білімді ханшайым»
  • «Өнерлі ханшайым»
  • «Шебер ханшайым»
  • «Сымбатты ханшайым»

Көрермендерден жиналған дауыс санын есептей отырып, «Көрермендер көзайымы» номинациясымен бір ару марапатталады.

 

Ақберді:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше

Осымен мерекеміз аяқталды.

 

Жансая апай: 

Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!

Назарларыңызға рахмет!