Өтілген уақыты Бекі бастауыш мектебі ММ 28.08.2019 жыл

 

Қатынасты 9 (тоғыз) кеңес мүшелері,мектеп басшысы,мұғалімдер

 

  1. Күн тәртібі:

1.Жаңа оқу жылында атқарылатын қызметтер туралы (Мектеп меңгерушісі Ш.Бердибеков)

2.1 сынып оқушылары, әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар, жеңіл және тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар туралы (А.Молдашева)

3.2019 - 2020 оқу жылында оқу Заңының орындалысы, қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттері, атқаратын қызметтер аясы туралы (М.Қамысбаев кеңес төрағасы)

 

  1. Сөйлеу:

Биылғы 2019 - 2020 оқу жылына Бекі бастауыш мектебіне 1-4 сыныптар аралығында 33(отыз үш) оқушы тартылып отыр. Жергілікті ауылдық әкімдіктің ұсынысы негізінде мектепте 5 (бес) оқушы жеңіл немесе тегін ыстық тамақпен қамтылуға жатады. (Бұйрық №-нқ) және 1 сыныпқа 14 (он төрт) оқушы қабылданып отыр. Бұл оқушыларда тегін ыстық тамақпен қамтылады. Әр оқушының тамақ ішу нормасы - 330 (үш жүз отыз) теңгені құрайды.  Бұл дегеніңіз 1 сынып оқушылары үшін әр айдағы азық түлік құны - 97020 теңге, оқу жылына 873180 теңге, ал әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар үшін айына-34650, оқу жылына - 311850 теңгені құрап отыр. Яғни жалпы баға көлемі - 1185030 теңге болады. Сондай-ақ осы балалар үшін мемлекеттік оқу Заңы аясында мемлекеттік көмек есебінде киім кешекпен қамтылады.Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес арқылы осы балалардың жалпы жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек беру мақсатында жәрдемдесуге ықпал етулеріңізді сұраймын.

  1. (А.Молдашева - мектеп бірлестік жетекшісі) Мектепте 1 сынып бойынша 14 (он төрт) бала тізімі таныстырылды. Әлеуметтік көмекті қажет ететін 5 (бес) оқушы, тізімі оқылды. Бұл балалардың Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша құжаттары электронды түрде жасақталып, бұйрықтары беріліп, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ата аналарынан қажетті құжаттары жинақталды.

3.Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес мүшелері (Бұйрық № - нқ) бекітілді. Алдағы оқу жылына кеңес мүшелерінің атқаратын қызметтерінің іс шара жоспарын жасақтау кеңес төрағасына жүктелді. Кеңестің ай, тоқсан, жылдық отырыстарының жоспарын қыркүйек айында таныстыру кеңес төрағасына міндеттелді.

 

  1. Ұсыныс:

1.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы санитарлық нормаларға сай жүргізілсе, алдағы уақытта жоғары орындарға асхана салдыру жағдайына хат жолдауға ;

  1. «Қайырымдылық» акциясына жергілікті кәсіпкерлер мен билік өкілдерінің тартылуы жүйелі жүргізілсе;

 

  1. Қаулы:

1.Мектептегі ыстық тамақпен қамтылатын балалардың тізімі бекітілсін.

2.Тамақтың сапалы берілуі,қажетті құрал-жабдықтармен, ас әзірлеушінің құжаттары, ыдыс аяқтардың талапқа сай болуы мектеп басшысына жүктелсін.

3.Кеңестің іс шара жоспарын жасақтау,олардың орындалысына жауапкершілік кеңес төрағасына міндеттелсін.

 

  1. Дауысқа салу: Қарсы қалыс жоқ.Қаулы қабылданды.

 

Келісу: 12 (он екі ) адам

 

Жиналыс төрағасы:                     Ш.Бердибеков

Хатшысы:                                С.Шораева