Хаттама № 02

 

Өтілген уақыты: 02.12.2020 жыл

 

Қатысқандар: ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, комиссия мүшелері мектеп мұғалімдері

 

  1. Күн тәртібі:

 

1.2020-2021 оқу жылының І тоқсан қортындысын қамқоршылық кеңес мүшелеріне таныстыру  А.Молдашева

2.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілетін көмектер туралы  Ш.Бердібеков мектеп басшысы

  1. 2020-2021 оқу жылында әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың облыстық, аудандық Президент шыршасына қатыстыру. Осы санаттағы оқушыларға жеке кәсіпкер М.Қамысбаев берілетін көмектер туралы.

 

  1. Сөйлеу:
  2. 2020-2021 оқу жылында Бекі бастауыш мектебінде құрылған қамқоршылық кеңес бір қатар қызметтер атқарылды. Атап айтсақ мектептің ата - аналар өтініші негізінде 1-4 сынып бойынша оқушыларға және мұғалімдерге 8 ноутбук (асус), 1 планшет үлестірілді. Бұл құрылғыларға ата - ана тарапынан жазбаша өтініш қабылданды. Мектепте 4 оқушы әлеуметтік көмекті қажет ететін санатта. Бұл оқушыларға қыркүйек айынан бері әр түрлі жолдарымен қаржылай және материалдық көмектер жасалынды. Мектеп кәсіподақ ұйымы жанынан мектептің 2 - сынып оқушысы Қаналы Назеркеге 5000 теңге көлемінде азық - түлік, толық көлемінде оқу құралы алынып берілді. Сондай - ақ осы 4 оқушыға 25000 теңге көлемінде қаржылай көмек ұсынылды. Аудандық білім бөлімінің 09.11.2020 жылғы №01-35/1505 хатына орай Облыстық әкім шыршасына қатысуға 4 сынып оқушысы Нурединұлы Жиенай ұсынылды. Аудандық білім бөлімінің № хаты бойынша аудандық әкім шыршасына қатысуға хат жолданды. Алдағы уақытта желтоқсан айында ауылымыздың жеке кәсіпкері Қамысбаев Мереке атынан аталған санаттағы оқушыларға қаржылай және азық - түлікпен қамту көзделіп отыр.

 

2.Мектеп басшысы Ш.Бердібеков: .Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілетін қызметтер туралы таныстырып өтті. Сондай - ақ жоғарыда көрсетілген санаттағы 4 оқушыны облыстық, аудандық әкім шыршасына ұсынуға қамқоршылық кеңес мүшелері және қоғамдық емес ұйым, адалдық алаңы мүшелерінен комиссия құрамын жасақтауды сұрады. Қазіргі ақуалға байланысты барлық мәдени шаралардың қашықтан өту жағдайы туралы айтып өтті. Осы 2 - ші тоқсан бойынша мектеп оқушыларының ата -аналарымен қашықтан өткізілген жиналыстар туралы айтылды. Мектеп оқушылары  мектеп еду, Білімланд платформасымен жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Мектеп жанынан құрылқан Қамқоршылық кеңесі мектеп ұжымымен бірігіп оқушылар үшін қызмет жүргізіле беретінін атап өтті.

 

  1. М.Қамысбаев: Мектеп басшылығы және сынып жетекшілердің ұсынысы негізінде мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері және комиссия мүшелерінің ұйғарысымен әлеуметтік көмекті қажет ететін төмендегі оқушылар облыстық, аудандық әкім шыршасына қатыстырылсын. Хат негізінде соңғы үш жыл ішінде аталған шараға қатысқан оқушылардың қатыстырылмауы негізге алынатындығын айтып өтті.

 

  1. Ұсыныс:

1.Мектеп ұжымының әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі қолдау көрсету мақсатындағы «Қайырымдылық акциясына"  жергілікті кәсіпкерлермен билік өкілдерін тартуды жүйелі жүргізу.

  1. Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту үшін компьютер құрылғыларымен қамтамасыз етуі жалғастырылсын. Ата-аналармен жұмыс жүргізу негізге алынсын.
  2. Аталған оқушылар ұсыныс бойынша обылыстық, аудандық әкім шыршаларына қатыстырылсын.

 

  1. Қаулы:

1.Мектептегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмысты жүргізу мектеп басшысы Ш.Бердібековке міндеттелсін.

  1. Ұсынылған оқушылардың облыстық, аудандық әкім шыршасы мәдени шарасына қатысуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мектеп басшысы Ш.Бердібековке міндеттелсін.