Бекі бастауыш мектебі ММ
Хаттама №2
Қатысқандар: мектеп ұжымы, ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, 28 адам
Күн тәртібінде:
- «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған іс - шаралар жоспарының 29 - тармағының орындалуы» туралы Ж.Абжатова
- Жаңа оқу жылының бірінші тоқсанда білім беру ұйымдарында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп беру. Ш.Бердібеков
Сөйлегендер:
Ж.Абжатова. (жауапты маман)
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (жоспар) іске асырудың 2018 - 2020 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарының 29 тармағын орындау бойынша ақпаратпен, оған сәйкес растайтын құжаттар туралы таныстырды. Мысалы: іс - шара атауы, аяқтау нысаны, жауапты тұлғалар, мерзімдері, болжамдар, қаржыландыру көздері.
- Ш.Бердібеков - жаңа 2020 - 2021 оқу жылының бірінші тоқсанын да Бекі бастауыш мектебінде 32 оқушы білім алады. Бюджет есебінен қызметкерлердің еңбекақысы төленіп отыр. Қашықтықтан оқуға байланысты мектеп оқушылары мектеп еду платформасын пайдаланып отыр. Мектепте 4 (төрт) әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушы бар, оларға әртүрлі көмектер көрсетілуде. Аудандық облыстық білім басқармасы тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына 13 (он үш) дәне ноутбук алынып, таратылды. Құны 2340000 мың. Мектеп баланысына енгізілді. Кәсіподақ, жеке кәсіпкерлер тарапынан көмектер берілді. Covid-19 короновирустық инфекцияның таралуы және эпидемиалогиялық жағдайға байланысты оқушылардың ата аналары арасында орта мерзімдік білім беруді қамтамасыз етуге бюджеттің қаржысының игерілуі және адамдар арасында аурудың таралуының сақтық шаралыры қарапайым ережелердің сақталуына бірігіп қызмет етуге шақырды. Қажетті мақсаттарға (антисиптикалық құрылғы т.б.) жұмсалатындығы туралы айтып өтті.
Ұсыныс:
1.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға жұмсалатын қаржы уақытылы игерілсе;
Қаулы:
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жоспары негізге алынсын. Жауапты: Ж.Абжатова
2.Мектеп басшысының есебі негізінде 2020-2021 оқу жылының әрбір тоқсанында есеп беруі (басшылыққа) ата-аналарға таныстыруы басшылыққа алынсын.














