Өтілген уақыты: 29.03.2023 жыл
Қатысқандар:Ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері,мектеп мұғалімдері
1.Күн тәртібі:
1.2023 жылға Бекі бастауыш мектебі КММ-сіне қаралған қаржылардың игерілуі туралы ақпарлама. Қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымының атқарған жұмыстары туралы. Мектеп меңгерушісі Ш.Бердібеков
2.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектер туралы С.Шораева
2.Сөйлеу:
1.2022-2023 оқу жылында Бекі бастауыш мектебінде құрылған қамқоршылық кеңес ұйымымен қызметтер атқарылып келеді. Атап айтсақ мектептегі әлеуметтік көмекті қажет ететін санаттағы және бірінші сыныптың бес оқушысы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Сондай ақ 1-4 сынып аралығында үш оқушыға президенттік шырша мерекесі қарсаңында қаржылай көмек берілді.Мектебімізде 1 сынып және басқа сыныптардағы оқушылармен оқу,тәрбие процесіндегі білім,тәрбиелік шаралар өткізіледі.Оқушыларымыздың өмір қауіпсіздігі,сапалы білімі үшін бейнекамералардың жұмыс жасауы оның жедел басқару орталығына қосылуы,дезинфекциялық қызметтер,санитарлық жағдайлар,ішкі әжетханалар ,тазалық қызметтердің орындалуы үшін келісім шарттар жасақталған.Оқушыларға ыстық тамақ,жаз мезгіліне жазғы демалыс лагеріне жіберуге қаржы жеткілікті.Мектепте оқушылардың білім сапасын жақсартуға да көңіл бөлініп отыр.Бұл мақсатта сынып бөлмелеріне заманауи екі панель тақта,заман талабына сай 12(он екі) парта алынады. Педагогтардың біліктіліктерін көтеру ағымдағы жөндеу жұмысына,оқушылардың ыстық тамағына,мектеп күзетшілерінің еңбек ақысына,мекеменің өзге де қызметтері үшін ,жалпы оқу Заңы үшін қаржы қаралды.Осы қаржыларды тиісті мақсатқа жолдауды басшылыққа алып жұмыстар жүргізілетін болады. Тоқсан ішінде мектеп оқушыларына 14(он төрт)ашық көрнекі сабақтар өткізілді.Атаулы күндердің барлығына тәрбие сағаттары, зорлық зомбылықсыз балалық шақ,мейірімділік мақсаттағы тренингтер,байқаулар,дөңгелек үстелдер үнемі өткізіледі.Оқушылардың аудандық,облыстық,республикалық онлайн қатысуына да жағдайлар жақсарған марапаттарға ие болып жатыр.Олардың сауатты жазуы,сауатты оқи білуіне тексеру мақсатында оқу шапшаңдығы,жазба жұмыстарына мектеп басшылығы тарапынан бақылау жүргізіледі.Білім сапасының қортындысы мектеп педагогикалық кеңесінде қаралды. Бұл қызметтер алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.
2.Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты С.Шораева: 2023 жылдың қаңтар айынан бастап мектепте egov порталы ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері және оқушылар үшін қызметін жүргізеді. Маңғыстау облысы әкімдігінің хаттамасына сәйкес әр тоқсан сайын мекеме басшысының есебі тыңдалады. Тоқсан ішінде мектеп ұжымымен жасалған жұмыстар, қаржының игерілуі, қамқоршылық кеңес жұмысы, балалардың тұрмыс тіршілігі, оқу - білім сапасы, сыбайлас жемқорлық, ата - аналармен бірлескен жұмыстар тыңдалып,қайырымдылық қорлары тарапынан ұйымдастырылған шараларға мектеп оқушылары қатынасады, атқарылған барлық қызметтер оқушылар еңбектері әлеуметтік желілерде жарияланды. Бұл қызметке жауапты болып сынып жетекшілері және мектеп тәлімгері бекітілді. Барлық ата аналар мен оқушының әлеуметтік төл құжатын қалыптастыру сынып жетекшілерге міндеттелді.
3.А.Байниязова (шаруашылық меңгерушісі) Бекі бастауыш мектебі КММ бойынша 2022-2023 оқу жылының үшінші оқу тоқсанында оқу процесін ҚР БжҒМ-нің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 бұйрығына және Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариалық дәрігерінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №01 қаулысына сәйкес ұйымдастыру бойынша мектепте жауапты тұлғалар бекітіліп қызмет жасалып жатыр.
Мектеп оқушыларымен әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар үшін жеке кәсіпкермен келісім-шартқа жасақталды, тамақ тізімі, аз-мәзірін бекіту, оқушылардың тамақтануы ережеге сай атқарылады
- Ұсыныс:
1.Мектеп ұжымының әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі қолдау көрсету мақсатындағы «Қайырымдылық акциясына» жергілікті кәсіпкерлермен билік өкілдерін тартуды жүйелі жүргізу.
2.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектер туралы хабарламаларды ашық форматта жүргізу;
- Қаулы:
1.Мектепке бөлінетін қаржыны игеру олардың мақсатты жұмсалуына басшылық мектеп басшысы Ш.Бердібеков пен мектеп есепшісіне міндеттелсін.
2.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектердің ұйымдастырылуы С.Шораеваға жүктелсін.
3.II жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар басшылыққа алынсын.
Жиналыс төрағасы: Ш.Бердибеков
Хатшысы: С.Шораева












