Хаттама № 04
Өтілген уақыты: 27.12.2022 жыл
Қатысқандар:ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, комиссия мүшелері мектеп мұғалімдері
- Күн тәртібі:
1.2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық қортындысы. Қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымымен атқарылған жұмыстар туралы. Мектеп меңгерушісі Ш.Бердібеков
2.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектер туралы С.Шораева
- II жартыжылдық бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстыру туралы.
- Сөйлеу:
- 2022-2023 оқу жылында Бекі бастауыш мектебінде құрылған қамқоршылық кеңес бір қатар қызметтер атқарды. Атап айтсақ мектептің ата - аналар өтініші негізінде 1-4 сынып бойынша оқушыларға оқулықтар мен көркем әдеби кітаптармен мемлекет тарапынан қамтылды. Бұл құрылғыларға ата - ана тарапынан жазбаша өтініш қабылданған жағдайда таратылып беріледі. Мектептегі 7(жеті) оқушы әлеуметтік көмекті қажет ететін санатта. Бұл оқушыларға оқу жылы басында 40000 (қырық) мың теңгеден оқу құралдары мен оқушы формасын алуға жәрдемақы берілді. Сондай ақ 1-4 сынып аралығында төрт оқушыға демеушілер арқылы оқу құралдары алынып берілді.Мектебімізде 1 сынып және басқа сыныптардағы әлеуметтік қолдауды қажет етуші 7(жеті) оқушы ыстық және тегін қоғамдық тамақпен қамтылып отыр.Оқушылар жыл басынан бері атаулы күндер,атаулы тұлғалардың,облыстық аудандық әдістемелік орталықтардың іс шаралар жоспарына сәйкес сынып сағаттар мен тәрбие сағаттар,интелектуалды байқауларға қатыстырылып отыр.Білім ұйымында «Ұстаздар мерекесі», «Оқуға құштар мектеп» бұрыштамалары жасақталып,балалардың үзілісте,немесе сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануы жолға қойылып отыр. «Ұстаздар мерекесі», «Республика күні». «Алтын күз» т.б үлкен шаралар өткізілді. Оқушылардың білім сапасын жақсартуға да көңіл бөлініп отыр.Тоқсандар ішінде мектеп оқушыларына ашық кқрнекі сабақтар өткізілді.Оқушылардың сауатты жазуы,сауатты оқи білуіне тексеру мақсатында оқу шапшаңдығы,жазба жұмыстарына мектеп басшылығы тарапынан бақылау жүргізіледі.Білім сапасының қортындысы мектеп педагогикалық кеңесінде қаралады. Желтоқсан айында облыс әкімдігінің қолдауымен 4 сынып оқушысы Қаржаубаева Гүлназ облыс әкімінің Президент шыршасына қатысып 100 000 теңге сертификат, 4 - сынып оқушылары Қуантурлиев Алаш,Дүйсенбайұлы Хадис аудан әкімінің шыршасына қатысып 100000 теңге сертификатқа ие болды. Сондай - ақ демеушілер күшімен 50 оқушы балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар берілді. Бұл қызметтер алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты С.Шораева: 2022 жылдың қаңтар айынан бастап мектепте egov порталы ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері және оқушылар үшін қызметін жалғастыра береді. Маңғыстау облысы әкімдігінің хаттамасына сәйкес әр тоқсан сайын мекеме басшысының есебі тыңдалады. Тоқсан ішінде мектеп ұжымымен жасалған жұмыстар, қаржының игерілуі, қамқоршылық кеңес жұмысы, балалардың тұрмыс тіршілігі, оқу - білім сапасы, сыбайлас жемқорлық, ата - аналармен бірлескен жұмыстар тыңдалып атқарылған барлық қызметтер оқушылар еңбектері әлеуметтік желілерде жарияланды. Бұл қызметке жауапты болып сынып жетекшілері бекітілді. Барлық оқушының әлеуметтік төл құжатын қалыптастыру сынып жетекшілерге міндеттелді. Орындалу мерзімі 30.01.2022 жыл болып белгіленді.
3.А.Байниязова (шаруашылық меңгерушісі) Бекі бастауыш мектебі КММ бойынша 2022-2023 оқу жылының оқу тоқсандарындағы оқу процесін ҚР БжҒМ-нің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 бұйрығына және Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариалық дәрігерінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №01 қаулысына сәйкес ұйымдастыру бойынша мектепте жауапты тұлғалар бекітілді. жауапты болып бекітілді.
1.А.Байниязова - шаруашылық меңгерушісі
- Н.Ерғалиева - медбике
3.Г.Хамиева-вахтер
4.А.Меңдалиева - үй-жайларды тазалаушы
Мектеп оқушыларымен әлеуметтік көмекті қажет ететін тізімін анықтау, жеке кәсіпкермен келісім-шартқа отыру, тамақ тізімін жасақтау, аз-мәзірін бекітіу, оқушылардың тамақтану ережесіне жауапты болып бекітілгендер.
1.А.Байниязова - шаруашылық меңгерушісі
- М.Қуанышқалиев -есепші
3.С.Қонарбаева -аспаз
4.А.Еркетаева -асхана жұмысшысы
4.Педагогтарға үстемеақы төлеуге қаралатын қаржыны нақтылау, қаражат бөлуге ұсыныс түсіру, қаражат бөлу бойынша жасалатын жұмыстардын жүргізілуін ұйымдастыру. М.Қуанышқалиевқа міндеттеледі.
- Ұсыныс:
1.Мектеп ұжымының әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі қолдау көрсету мақсатындағы «Қайырымдылық акциясына» жергілікті кәсіпкерлермен билік өкілдерін тартуды жүйелі жүргізу.
- Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектер туралы хабарламаларды ашық форматта жүргізуге
3.Білім алу процесінде санитарлық талаптарға бекітілген комиссия мүшелерінің қызметі бақылауға алынсын. жауапты .А.Байнизова
- Қаулы:
1.Мектептегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмысты жүргізу мектеп басшысы Ш.Бердібековке міндеттелсін.
- Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектердің ұйымдастырылуы С.Шораеваға міндеттелсін.
- II жартыжылдық бойынша атқарылатын жұмыстарды атқару мектеп педагогтарына міндеттелсін.
Жиналыс төрағасы: Ш.Бердибеков
Хатшысы: С.Шораева












