Хаттама №3
23.11.2022 жылы күні Бекі бастауыш мектебі жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы қызметкерлері мен ата – аналарға жиналыс өтті.
Қатысқандар: шағын орталық қызметкерлері және ата – аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері.
Қаралатын мәселе:
- «Зорлық – зомбылықтың алдын алу» тақырыбында (баяндама оқу, бейнеролик көрсету.)
Сөйлегендер:
- Бірлестік жетекшісі А.Молдашева ата – аналар жиналысының мақсаты мен міндеттерін түсіндіре отырып жиналысты ашты. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге деген зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында өз жүрген орталарында мейірімді болуға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір – қасиетіне менсінбей дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
- Мектеп тәлімгері С.Ағысова «Зорлық – зомбылықтың алдын алу» тақырыбында бейнероликтер көрсетті.
- Шағын орталық тәрбиешісі А.Қалыңбаева аталған тақырыпқа сай баяндама оқыды. Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға түсінік жұмысын жүргізді.
Ұсыныс:
Бекі бастауыш мектебі жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығында өткізілген түсінік жұмысында жүргізілген шаралар басшылыққа алынсын.
Қаулы:
- Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты жауапкершілікті басты назарда ұстау шағын орталық қызметкерлеріне міндеттелсін;













