Хаттама № 02


 

Өтілген уақыты: 07.11.2022 жыл

 

Қатысқандар: қамқоршылық кеңес мүшелері, комиссия мүшелері мектеп мұғалімдері

 

  1. Күн тәртібі:

 

  1. Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің 07.11.2022 жылғы №01-35/1533 хатына орай Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін Жаңа жыл шыршасына қатысатын балаларды анықтау туралы.

 

  1. Сөйлеу:

 

Мектеп басшысы Ш.Бердібеков:

 Әр оқу жылында дәстүрлі түрде 9-13 жасқа дейінгі жетім және әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына арналған Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін Жаңа жыл шыршасы ұйымдастырылады.       

2022-2023 оқу жылында Бекі бастауыш мектебінде құрылған қамқоршылық кеңес мүшелері және ата - аналар тарапынан осы салтанатты шараға қатысуы тиіс оқушылардың тізімін шығаруға жиналып отырмыз. Жаңа жыл шыршасына қатыстырылатын әлеуметтік санаттағы балалардың тізімі қамқоршылық кеңес өкілдерінің қатысуымен зерделеніп ашық түрде жасақталуы тиіс. Шараға бұрын балалары қатыстырылып жүрген отбасы балалары қамтылмайды. Сондай - ақ бұрын қатысқан балалар тізімге енгізілмейді. Шараға қатысатын балалардың тізімдері мектеп басшысының қолымен бекітіліп хаттамасы аудандық білім бөліміне тапсырылады.  Мектепте 8 оқушы әлеуметтік көмекті қажет ететін санатта.

Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің 07.11.2022 жылғы №01-35/1533 хатына орай Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін Жаңа жыл шыршасына қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мақұлданды. 

 

 

  1. Ұсыныс:

1.Жаңа жыл шыршасына бұрын қатысқан балалардың тізімге енгізілмеуі және қатыспауы қаперге алынсын.

 

  1. Қаулы:

1.Президент шыршасына мектептегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3 оқушы қатыстырылсын.

Аудандық -2 оқушы

Облыстық - 1 оқушы.

                      

 

 

Жиналыс төрағасы:                     Ш.Бердибеков

 

          Хатшысы:                     С.Шораева