Хаттама № 01
Өтілген уақыты: 12.09.2022 жыл
Қатысқандар:Ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, комиссия мүшелері
- Күн тәртібі:
1.2022-2023 оқу жылына мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын таныстыру,оқушылардың көмектер алуы,олардың жеңіл және тегін ыстық тамақтармен қамтылуы туралы мектеп меңгерушісінің есебі.
2.2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамын жасақтау,алдағы атқарылатын қызметтер жоспарын жасақтау кеңес төрағасына ұсыныс беру
- Сөйлеу:
Мектеп меңгерушісі Ш.Бердібеков 2022-2023 оқу жылы бойынша мектеп оқушылары үшін мектеп ұжымы және қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірігіп атқарылатын шаралар туралы айтып өтті.
2022-2023оқу жылында мектепке 31 оқушы,даярлық тобында 11 тәрбиеленуші қабылданды.Мектеп бойынша 1 сыныпта 6(алты) оқушы,әлеуметтік қолдауды қажет ететін 7(жеті) оқушы ыстық тамақпен қамтылмақ.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға оқу жылы ішінде ұйымдастырылып көрсетілетін көмектер мониторинг жасақталды. Мектеп оқушылары алдағы оқу жылында қаржы қарастырылуына орай 1-4 сынып бойынша ыстық тамақпен қамтылады деген болжам бар.Оқу жылы ішінде оқушыларға көмектер көрсетіледі.Республика көлемінде ұйымдастырылып жатырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқу жылына бүгінгі таңда 7(жеті) оқушы үкімет тарапынан 40,000 (қырық)мың теңге қаражат алып оқу формасы мен оқу құралдарын алды.Заңға сәйкес қаржы түбіртектері жинақталды.Мектебіміздің 4(төрт)оқушысы әртүрлі демеушіліктер аясында оқу формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.Сондай ақ мектептің 5(бес)оқушысы Қазақстан халық қоры ұйымына тізімі жолданып қаржылай көмекке ұсынылып отыр.мектептің 2(екі)оқушысы республика көлемінде,5(бес)оқушы өзге облыста,2(екі) оқушы облыс көлеміндегі жазғы сауықтыру,демалыс лагерлерінде болып қайтты.Осы аталған оқушыларға баса көңіл бөлініп,өзге де оқушыларымызға да жағдайлар жасай отырып жұмыс жасауымызға Сіздердің де атсалысуларыңызды сұраймыз.
- Білім беру ұйымында 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңес мүшелерін қыркүйек айына жинап кеңес мүшелерін алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыруды осы айдың 20 жұлдызына белгілейміз.Мүшелер арасында болған ауыс күйіс,қозғалыстар болса өзге мүшелерді тартып жұмысты жалғастырамыз
- Ұсыныс:
1.Бекі бастауыш мектебі КММ - інде 2022-2023 оқу жылына мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын таныстыру,оқушылардың көмектер алуы,олардың жеңіл және тегін ыстық тамақтармен қамтылуы туралы мектеп меңгерушісінің есебі басшылыққа алынсын.
- Қаулы:
- 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңес мүшелерін қыркүйек айына жинап кеңес мүшелерін алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыру М.Қамысбаевқа міндеттелсін.
Жиналыс төрағасы: Ш.Бердибеков
Хатшысы: С.Шораева












