Бекі бастауыш мектебі КММ

Күні:15.10.2021 жыл

Болатын жері:Бекі мектебі

ХАТТАМА №02

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

Қатысқандар:мектеп педагогтары,қамқоршылық кеңес мүшелері

Күн тәртібінде:

 

1.Кеңес мүшелерін Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің 08.10.2021 ж.№59-нқ бұйрығымен таныстыру (Ш.Бердибеков)

2.Мекеме бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін мектеп оқушыларының отбасы жағдайын талқылау,көрсетілетін көмектердің тізімдерін жасақтау,құжаттарын даярлау,оқу жылы ішінде оқу Заңына байланысты қаржының игерілуіне олардың бала игілігіне жұмсалуына қызметтер ұйымдастыру туралы.(М.Қамысбаев кеңес төрағасы)

3.Қазақстан Республикасының Үкіметінің,Қазақстан Денсаулық министрінің,Қазақстан білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарының,денсаулық қауіпсіздігінің алдын алу мақсатындағы негізгі шаралардың орындалуы туралы кеңес мүшелеріне таныстыру. Мектепте оқушылар үшін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы қамтылған балалар туралы анықтамалықтар туралы.Мониторинг топтарының қызметтерімен таныстыру (Ж.Жайлаубаева) 

 

Сөйлегендер:(Ш.Бердибеков мектеп меңгерушісі)

 

1. Мектеп бойынша 1-4 сыныптарда 37(отыз жеті),даярлық тобында 8 (сегіз) оқушы,мектеп жанындағы шағын орталықта 13(он үш)тәрбиеленуші бар.Қыркүйек,қазан айларында мектеп қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды.Оқу жылы басында білім күндері,балалар статустарын нақтылау,педагогтардың оқу жылы ішінде атқаратын қызметтеріне байланысты өндірістік жоспармен ,мектептің даму жоспарлары талданды.Мектепте 2 (екі) жоғары,2(екі)бірінші санатты,3 (үш) екінші санатты4(төрт) санатсыз педагог бар. Мектеп бойынша инклюзивті білімді қажет ететін,үйден оқитын оқушы жоқ.Дейтұрғанмен мектеп бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар бар.Бұл оқушылар оқу жылы ішінде әр түрлі деңгейдегі үкіметтік,жеке кәсіпкерлік,ір түрлі акция шаралар бойынша ұйымдастырылған көмектермен қамтылып отырылады.2021-2022 оқу жылы басында «Мектепке жол»акциясы аясында 2(екі)оқушымызға мектеп құралдарымен көмек көрсетілді.Сондай ақ 5(бес) оқушыға 25,000 (жиырма бес) мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.Бұл көмектер алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Мектеп басшысы педагогтар мен кеңес мүшелеріне Маңғыстау аудандық білім бөлімінің 15.10.2021 жылғы №59-нқ бұйрығы бойынша ауданның өзге білім ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйымдардың кеңес мүшелерінің жаңа құрамдары туралы айта келіп,Бекі бастауыш мектебі КММ жанынан құрылған жаңа құрамымен таныстырып еңбектеріне табыс тіледі.

2. (М.Қамысбаев кеңес төрағасы) Мекеме бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін мектеп оқушыларының отбасы жағдайын талқылау,көрсетілетін көмектердің тізімдерін жасақтау,құжаттарын даярлау,оқу жылы ішінде оқу Заңына байланысты қаржының игерілуіне олардың бала игілігіне жұмсалуына қызметтер ұйымдастыруды мектеп педагогтары мен кеңес мүшелерінің бірлесіп атқаруын бұл туралы әр тоқсан сайын кеңес отырысын ұйымдастырып балалардың игілігіне қызмет етуге шақырып,кеңес мүшелерінің отырысының кестесін дайындауды ұсынды.

3. Ж.Жайлаубаева мектеп шаруашылық меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Үкіметінің,Қазақстан Денсаулық министрінің,Қазақстан білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарының,денсаулық қауіпсіздігінің алдын алу мақсатындағы негізгі шаралардың орындалуы туралы мектеп ұжымына таныстыру жұмыстары жүргізілгендігі айтып өтті.Мектептің ішкі тәртіп ережесінің орындалуы.Балалардың үзіліс уақытында дем алуы,ыстық тамақпен қамтылуы,дәрігерлік санитарлық талаптардың орындалысына басты көңіл бөлінеді.Мектеп мүлкіне жауапкершіліктер міндеттелді.Мектеп вахтері,қарауылдарының қызметке жауапкершілігі,қызмет барысында мекемеге бөтен,бөгде адамдардың,ата аналардың кірмеуі,құжаттарының тіркелуі,күндізгі,түнгі мезгілдегі қызметтерінде жұмыс орнында болуы туралы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұратын болады.

 

ҰСЫНЫС:

 

1.Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесі жасалатын жұмыстарын ата аналармен және мектеп педагогтарымен бірлесіп орындауды басшылыққа алса;

2 Мекеме бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін мектеп оқушыларының отбасы жағдайын талданып,көрсетілетін көмектердің тізімдерін жасақтау,құжаттарын даярлау,оқу жылы ішінде оқу Заңына байланысты қаржының игерілуіне олардың бала игілігіне жұмсалуына қызметтер ұйымдастыруды мектеп педагогтары мен кеңес мүшелерінің бірлесіп атқаруы, бұл туралы әр тоқсан сайын кеңес отырысын ұйымдастырып,кеңес мүшелерінің отырысының кестесін дайындалса.  

3.Бала қауіпсіздігі басты назарда ұсталса,жауапты кіші қызметкерлер тағайындалса;

 

ҚАУЛЫ:

 

1.2021-2022 оқу жылына қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарлары жасақталып арнайы папкалар жүргізіліп жауапты С.Шораева бекітілсін.

2.Кеңес мүшелерінің 2021-2022 оқу жылы ішіндегі атқаратын жұмыстары бойынша әр тоқсан сайын есеп тапсыру кеңес төрағасы М.Қамысбаевақа жүктелсін.

3.Мектепте балалар қауіпсіздігін бақылау,оқушылардың сапалы тамақтануы,әлеуметтік көмектер ұсыну кестелеріне жауаптылық Ж.Жайлаубаеваға жүктелсін.

 

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы:                            М.Қамысбаев

                                          Хатшы:                              С.Шораева