Хаттама № 03
Өтілген уақыты: 13.01.2021 жыл
Қатысқандар: ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, комиссия мүшелері мектеп мұғалімдері
- Күн тәртібі:
1.2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша қортындысын қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымымен жасалатын жұмыстар туралы мектеп меңгерушісі Ш.Бердібеков
2.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілетін көмектер туралы С.Шораева
- Маңғыстау аудандық білім бөлімнің №01-35/51 және Маңғыстау облысы әкімінің 08.01.2021 жылғы №01 - 04/03 хаттамасының орындалуы туралы.
- Сөйлеу:
- 2020-2021 оқу жылында Бекі бастауыш мектебінде құрылған қамқоршылық кеңес бір қатар қызметтер атқарылды. Атап айтсақ мектептің ата - аналар өтініші негізінде 1-4 сынып бойынша оқушыларға және мұғалімдер үшін қосымша 15 ноутбук (асус), 5 планшет мемлекет тарапынан алынды. Бұл құрылғыларға ата - ана тарапынан жазбаша өтініш қабылданған жағдайда таратылып беріледі. Мектептегі 4 оқушы әлеуметтік көмекті қажет ететін санатта. Бұл оқушыларға желтоқсан айында облыс әкімдігінің қолдауымен 4 сынып оқушысы Нурединұлы Жиенай облыс әкімінің Президент шыршасына қатысып 100 000 теңге сертификат, 2 - сынып оқушысы Қаналы Назерке аудан әкімінің шыршасына қатысып 100000 теңге сертификат және 3 сынып оқушысы Өтепберген Ақбілек аудан әкімінің шыршасынан 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Сондай - ақ демеушілер күшімен 50 оқушы балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар берілді. Бұл қызметтер алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты С.Шораева: 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мектепте egov порталы ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері және оқушылар қызметін жалғастыра береді. Маңғыстау облысы әкімдігінің хаттамасына сәйкес әр тоқсан сайын мекеме басшысының есебі тыңдалады. Тоқсан ішінде мектеп ұжымымен жасалған жұмыстар, қаржының игерілуі, қамқоршылық кеңес жұмысы, балалардың тұрмыс тіршілігі, оқу - білім сапасы, сыбайлас жемқорлық, ата - аналармен бірлескен жұмыстар тыңдалатын болады. Бұл қызметке жауапты болып сынып жетекшілері бекітілді. Барлық оқушының әлеуметтік төл құжатын қалыптастыру сынып жетекшілерге міндеттелді. Орындалу мерзімі 30.01..2021 жыл.
3.Ж.Жайлаубаева Бекі бастауыш мектебі КММ бойынша 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсанындағы оқу процесін ҚР БжҒМ-нің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 бұйрығына және Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариалық дәрігерінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №01 қаулысына сәйкес ұйымдастыру бойынша мектепте жауапты тұлғалар бекітілді. Штаттық режимге көшірілуге байланысты мектепте және шағын орталық мекемесінде санитарлық эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау, оқушы қабылдаудың алгаритімін жасауға жауапты болып бекітілді.
1.Ж.Жайлаубаева - шаруашылық меңгерушісі
- Г.Сағынбаева - медбике
3.Г.Хамиева- вахтер
4.А.Меңдалиева - үй-жайларды тазалаушы
Мектеп оқушыларымен әлеуметтік көмекті қажет ететін тізімін анықтау, жеке кәсіпкермен келісім-шартқа отыру, тамақ тізімін жасақтау, аз-мәзірін бекітіу, оқушылардың тамақтану ережесіне жауапты болып бекітілсін.
1.Ж.Жайлаубаева - шаруашылық меңгерушісі
- М.Қуанышқалиев -есепші
3.С.Қонарбаева -аспаз
4.А.Еркетаева -асхана жұмысшысы
4.Педагогтарға үстемеақы төлеуге қаралатын қаржыны нақтылау, қаражат бөлуге ұсыныс түсіру, қаражат бөлу бойынша жасалатын жұмыстардын жүргізілуін ұйымдастыру. М.Қуанышқалиевқа міндеттеледі
- Ұсыныс:
1.Мектеп ұжымының әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі қолдау көрсету мақсатындағы «Қайырымдылық акциясына» жергілікті кәсіпкерлермен билік өкілдерін тартуды жүйелі жүргізу.
- Мектеп оқушыларын дәстүрлі форматқа көшуіне байланысты санитарлық талаптардың орындалысын бақылау мектеп меңгерушісі Ш.Бердібековке міндеттелсін.
- Санитарлық талаптарға бекітілген комиссия мүшелерінің қызметі бақылауға алынсын. жауапты Ж.Жайлаубаева
- Қаулы:
1.Мектептегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмысты жүргізу мектеп басшысы Ш.Бердібековке міндеттелсін.
- Маңғыстау облысы әкімінің 08.01.2021 жылғы №01 - 04/03 хаттамасының орындалысы Ш.Бердібековке жүктелсін.
Жиналыс төрағасы: Ш.Бердибеков
Хатшысы: С.Шораева












