Хаттама № 1
Өткізілген уақыты: 23.09.2021 жыл Бекі бастауыш мектебі КММ
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мұғалімдер
Күн тәртібінде:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығына енгізілген өзгерістер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 04.05.2018 жылғы №16860 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 02.04.2018 жылғы №123 бұйрығын кеңес мүшелеріне таныстыру.(М.Қамысбаев)
1.1 2021-2022 оқу жылына Бекі бастауыш мектебінің КММ-сі жанындағы «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу, жаңа мүшелер қабылдау; 19 тармақ бойынша қамқоршылық кеңестің отырыс қажеттілігі, кеңес мүшесінің, міндеті, құрамға кіруі, шығуы туралы түсіндірме. Сайлау тәртібімен таныстыру.
1.2 Кеңес мүшелеріне өткен оқу жылындағы қызметтер мен жаға 2021-2022 оқу жылында атқарылатын іс-шара жоспарымен таныстыру (мектеп меңгерушісі Ш.Бердибеков)
2.Сөйлеу: М.Қамысбаев
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі айқындайды. Қамқоршылық кеңес ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР-ның Ішкі істер минстрлігіне, ҚР-ның прокуратура органдарына, ҚР-ның Қорғаныс минстрлігіне және ҚР-ның Денсаулық сақтау минстрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітіледі. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
- жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
- ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
- қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.
2.Мектеп меңгерушісі Ш.Бердибеков
2020-2021 оқу жылында еліміздегі карантиндік жағдайларға байланысты мектеп оқушылары онлайн платформасында білім алды.Мектеп ұжымы балалармен қашықтан байланыс арқылы сабақтар өткізді.Оқу жылы ішінде оқушыларға көмек ретінде бірталай жеңілдіктер жасалып келді.Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.Маңғыстау облысының,аудандық білім бөлімі ,аудан ,ауыл әкімдігінің тарапынан оқушыларға қаржылай,заттай көптеген ұсынылған көмектердің куәсі болдық.Мектепте өткен оқу жылында 5(бес) әлеуметтәк көмекті қажет ететін әртүрлі санаттағы оқушылар болды.Оқушыларға демеушілік жолдарымен де көптеген сый сияпаттар жасалды.мектеп оқушыларымен,педагог мамандар техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілді.Мектеп және мектеп жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының оқушылары атынан көптеген бейнеқұттықтаулар,алғыс айту мерекелік шаралары, «адалдық » күндері өткізілді.Оқу жылы соңында мектепке 1 950 000(миллион тоғыз жүз елу мың) теңге қаржыға толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.2021-2022 оқу жылында мектепке 1-4 сыныптар бойынша 37(отыз жеті),даярлық тобына 6(алты)оқушы қабылданып отыр.шағын орталыққа 13(он үш) тәрбиеленуші қабылданды,Мектеп ұжымы штаттық кестеге сай қамтылған.Мектепте 12(он екі) педагог маман бар.олардың 11(он бір) жоғары білімді, 1 (бір) арнаулы орта білімді балаларға білім бермекші.Мектеп педагогтары санитарлық жағдайларға байланысты екпе алған.Мектепте биылғы оқу жылында әлеуметтік көмекті қажет ететін 6(алты) оқушы бар.Олар мемлекет тарапынан 25000(жиырма бес) мың теңге көлеміндегі қаржы алуға ұсынылды. Мектепте ыстық тамақпен 1 сынып бойынша 8(сегіз) оқушы, әлеуметтік көмекті қажет ететін 6 (алты) оқушы қамтылып отыр.Мектеп жылыту маусымына,өзге де санитарлық жағдайларға дайын оқу жылын сәтті бастап жатырмыз.Сіздерге осы оқу жылында жұмыстарыңызға сәттілік тілеп,балаларымыз үшін бірге қызмет ете беруге шақырамын.
Мектеп меңгерушісі Ш.Бердибеков
Хатшы С.Шораева












