Хаттама № 04
Өтілген уақыты: 26.03.2021 жыл
Қатысқандар: ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, комиссия мүшелері мектеп мұғалімдері
Күн тәртібі:
- 2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығының 3 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар мен қамқоршылық кеңес, мектеп ұжымына және ата - аналарға таныстыру мектеп меңгерушісі Ш.Бердібеков
- 2020-2021 оқу жылына қаралған қаржы және оны игерілуі туралы мектеп есепшісі М.Қуанышқалиев
Сөйлеу:
- 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсанында Бекі бастауыш мектебі КММ-сі қашықтан оқыту форматын тоқтатып дәстүрлі оқуға көшірілді. Тоқсан ішінде мектепте басты көңіл мектеп оқушыларының оқу жазу сауаттануына жұмылдырылды. 1-4 сынып бойынша 32 бала білім алды. оқушылар қозғалысы болған жоқ. Мектепте интернет байланысы өз - өзіне қызмет көрсету секторы қалыпты жұмыс жасады. (жауапты: С.Шораева) Мектеп бойынша 1 сыныпта 5 оқушы, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 4 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 12.01.2021 жылғы №04-14/61 хаты бойынша «Алғысым шексіз» тақырыбында оқушыларға бейнеролик көрсетілді. 17.02.2021 жыл күні К.Жолбергенова «Діни экстремизимнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу тақырыбында бейнеролик көрсетті. Сондай-ақ наурыз айларындағы барлық мерекелік күндер оқушылармен педагогтардың ұйымдастыруымен аталып өтілді. Ауыл кәсіпкері М.Қамысбаев демеушілігімен 2 оқушыға азық - түлікпен көмек берілді. «Адамшылықтың күні сөнбесін» тақырыбында Бөкеев Сағатбайға көмек көрсетілді. Осындай игі істер жалғасын таба береді.
- 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мекеме мұғалімдеріне 25% үстеме толық төленді. Сондай - ақ мекеме қажеттіліктеріне ауыз су, көгілдір отын, төтенше жағдай қызметтеріне қаржылар аударылуда. Сондай - ақ мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін оқу жылының аяғына дейін 287554 теңге қаржы игеріледі. Шағын орталық тәрбиеленушілері үшін осы сомада қаржы қарастырылған. Интернеттік байланыс жүйесі үшін 800000 теңге, Өрт қауіпсіздігі құралдарын жаңарту және түрлі қоспалармен өңдеу және т.б 1 575 000 мың қаржы сұралуда. Санитарлық талаптарды орындау мақсатында мекемеге 350000 теңге қаржы бөлініп құрылғыларда алынды. Оқу жылының соңына дейін қаржыларды игеру қызметтері жүргізіле береді. М.Қуанышқалиевқа міндеттеледі.
Ұсыныс:
- Бекі бастауыш мектебі КММ- не асхана құрлысы, Шағын орталыққа кір жуу бөлмесінің құрлысын салу үшін қаржы сұрастыру. мектеп меңгерушісі Ш.Бердібековке міндеттелсін.
Қаулы:
- 2020-2021 оқу жылындағы 3 тоқсаны бойынша есебі басшылыққа алынсын. Ш.Бердібековке













