"Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты  өткізілді.

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мереке! Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады.

Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын!

Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз.

Сол себепті өңірімізде заманауи үлгідегі білім ордаларының саны артуда, мектептерді материалдық-техникалық жабдықтау арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүруде.

Шындығында, ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан, ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек.

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып,  тағы да Білім күнімен құттықтаймын!

Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!

{gallery} /-3{/gallery}